Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
DOSTAR DELUXE: ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ?
Жаңалықтар

DOSTAR DELUXE: ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ?

27.02.2024
мин
13
1295

Елімізде қолжетімді баспанаға деген сұраныс өте жоғары екендігі белгілі. Ертерек баспаналы болудың жолдарын іздеп, үлестік негізде баспана алуға ниеттенген азаматтар аз емес. Олардың басым көпшілігі Астана, Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтау қалаларынан. Қолжетімді баспана аламын деп, сан соғып қалған азаматтар саны күн санап артуда.

Осыған байланысты Мәжілісте де бұл мәселе көтеріліп, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда.

Қазір «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ деректеріне сәйкес, елде рұқсатсыз немесе кепілдіксіз 304 құрылыс компаниясы 336 құрылыс нысанын салуда. Олардың басым бөлігі Астанада орналасқан: 136 нысан.

Ал Алматыда 45 тұрғын үйден пәтер сатып алуға болмайды. Бұл тізімге құрылысқа рұқсат берілген құжаты толық емес, сонымен қатар жобадан ауытқыған және басқа да кемшіліктермен салынған тұрғын үй кешендері кіреді. Солардың бірі Алатау ауданындағы DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешені. 

Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешені туралы ақпарат жариялады. «Эскиздік жобаны келісу, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама жоқ екені көрсетілген. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 316-бабы 1-тармағының 321-бөлігі бойынша шаралар қабылданды», - делінген хабарламада.

Осы құрылыс компаниясынан ақшасын қайтаруды талап еткен үлескерлер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бейнеүндеу жариялады. Олар бұл құрылыс компаниясына Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың жарнамасы арқылы келгендерін айтып, Мұқаевқа қатысты шара қолдануды сұрап отыр.

Осы дау-дамайға қатысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевтың өзі бізге ашық сұхбат берді.

Ең әуелі DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешені жайлы қайдан естідіңіз, ең бірінші байланыс қалай басталып еді?

Мен 2018 жылдан бері қаржылық сауат, баспанаға бағыт, үй алудың жолдары туралы айтып келе жатқаннан кейін, жалпы баспанаға қатысты жарнама сұрап, ұсыныс білдіретін құрылыс компаниялары көп. Тура сол сияқты DOSTAR DELUXE-тің сату бөлімі «үй салғалы жатырмыз, өзіңіз де алғыңыз келсе жеңілдікпен береміз» деп хабарласты. Әуелі, өзім Астанада, ол компания Алматыда болғандықтан келіспедім. Кейін олар Алматыға жолым түссе құрылыс компаниясына келуімді өтінді. Сондай-ақ,  Ақтөбе мен Астана қалаларында да үй салып жатқандарын айтты. Кейін алдымен Астанадағы құрылыс объектісіне барып көрдім. Құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатты. 2022 жылдың жазында Алматыдағы құрылысты да көрудің сәті түсті. Ол жақта да  құрылыс өте қарқынды жүріп жатты. Сату бөліміндегі жігіттер Instagram-ға пост, сторис салсаңыз сізге қосымша жеңілдік жасап береміз деген ұсыныстарын жеткізді. Арнайы қоршауы, паспорты бар екенін өз көзіммен көргеннен кейін халыққа осы компания туралы айта бастадым. Өзімнің Астанадан алған үйім бар. Одан бөлек, Алматыдан да қосымша үй алып қояйын деген ой болды. Сөйтіп олар маған 2 бөлмелі үйді 18 млн-ға ұсынған еді. Екі тарап келісімшарт жасастық.

Жарнама жасамас бұрын құрылыс компаниясы жайлы толық зерттедіңіз бе? Ешқандай шикілікті байқамадыңыз ба?

Компания мамандары жер өздеріне тиесілі екендігін алға тартып, алдағы уақытта әкімдіктен рұқсат алатындарын айтты. Қазақстандағы құрылыс компанияларының 90-95%-ы құрылысты бастап кеткеннен кейін ғана рұқсат алатыны бәрімізге белгілі ғой. Сонымен, компания қызметкерлері маған құрылыс құжатын көрсетіп, 2023 жылдың аяғы, ұзағанда 2024 жылдың басында кілттерді табыстаймыз деді. Мен сендім.

Жарнаманы қанша уақыт бойы жасадыңыз? Құрылыс компаниясы қазір де жарнама таратып жатыр екен. Сіздің атыңызды пайдаланып жатқан жоқ па? Нақты қағаз жүзінде келісімшарт болды ма?

Жарнамадан бұрын, бұл компания маған жеңілдік ұсынды. Басында 60 шаршы метр үйдің бір шаршы метрін 300 000 теңгеден береміз деген еді. Қолымда сол ескі келесімшарт әлі бар. Кейін олар жарнама үшін жеңілдік ұсынып, бір шаршы метрін 280 мың теңгеден беретіндерін айтты. Әу баста 300 000 теңгеге жасалып қойған келісімшарт өзгеріссіз қалды. Кейін тағы ұсыныс білдіріп, үйдің ақшасын толық салынып біткенше қалаған уақытыңызда бөліп төлесеңіз болады деді. Мен де тіиімді ұсынысты қабыл алдым. Бұл жағдай 2022 жылдың жазында болды. Сол жылдың күзінде мен Америкаға кетіп қалдым. Үйге деп жинаған қаражатымызды әне-міне саламын деп жүрген уақытта, бір жақын танысыма ақша керек болып, көмектесу мақсатында ақшамды бердім. Сату бөліміндегі жігіттер маған ақшаңыз бар кезде бөліп, асықпай берсеңіз болады деп көндірді. Мен құрылыс болып жатқан жерден 2 сторис, 2 пост салдым. Бұл жердегі құрылыстың тоқтау себебі Алматы қаласының бас жоспары өзгереді-міс. Мен құрылыстың тоқтайтынын естіген кезде-ақ, видеоларымды таратпауларын сұрадым. Дегенмен, компания біраз уақыт мен жарнамалаған видеоларды таргетке жіберген екен.

Шу шыққаннан кейін құрылыс компаниясының басшылығымен хат-хабар алмастыңыз ба? Ол тарап не деп отыр?

Шу шыққаннан кейін мен бірден өзім өмірде көріп-кездескен сату бөлімінің мамандарына хабарластым. Олар да ол компанияға аутсорсинг бойынша жұмысқа кірген екен. Яғни үйді сатып, пайызын алып отырған. Құрылыс тоқтап, шу шыққан кезде ол жігіттер әкімдікпен келіссөз жүргізіп жатқандарын айтып, үй міндетті түрде салынып бітеді деп сендірді.

Сұқбаттарыңыздың бірінде өзіңіз де жарнаманың құрбаны болдым депсіз. Ол қандай жағдай еді?

Бізді де пайдаланатындар көп. Әйтпесе, бір Алматының өзінде DOSTAR DELUXE құрылысы ғана тоқтап қалған жоқ. Қазір Алматыда 45 тұрғын үй кешені заңсыз салынып, тоқтап тұр. Қазақстан бойынша 200-ге жуық тұрғын үй компаниясы осындай қиындықты бастан кешуде. Мен dauletten.kz сайтынан бөлек бірнеше сайтқа да сұхбат бердім. Бірақ дәл осы тақырып ай сайын айналып шыға береді. Кейде бұл арнайы тапсырыс па деп те ойлаймын. Қазір ақша берсең жаңалыққа да шығарады, әлеуметтік желілердегі парақшаларға да салады. Тіпті блогерлер де қаралай беруге дайын  тұрады. Әрине, депутат болғаннан кейін саған да таяқтың бір ұшы тиеді. Менен сұхбат алуға келген журналистердің көпшілігі айтқанымды толық жарияламаған. Сондықтан жалпақ тілмен айтқанда, басым дауға қалды десем болады. Тіпті телеарналардың өздері берген сұхбатымды кесіп, халыққа өтеді деген тұстарын ғана қалдырыпты.

Дау айтып отырған жұртқа қандай кеңес бересіз? Олар ендігі қадамды қалай жасауы керек?

Бұл мәселені тек сот шешеді. Құзырлы органдарға талап-арыздарын жеткізіп, соттың шешімін күту керек. Мен де бұл істің тез оңынан шешілуін тілеймін.

Сіздің тарапыңызға айтылып жатқан әңгімелерді қаншалықты әділетті деп санайсыз? Өзіңізді кейде іштей кінәлі санамайсыз ба?

Жарнама тек ұсыным түрінде болды. Бұл жерде басты нәрсе – мен ешкімді сүйреп апарған жоқпын. Мен халықты мәжбүрлеп апарсам, жағдай басқаша болатын еді. Мені ақша алды, үлесі бар, жарнама үшін 20 миллион теңге алды деген жалған ақпарат таратқан сайттар да бар. Кейбір жұлдыздардың жарнамасы 20 миллион теңге шығар, бірақ мен ешқашан жарнама үшін ондай сома алған емеспін. Бар мақсатым тұрғын үйді жеңілдікпен алу болды.

Мәжілістегі қызметіңізге бұл жағдай әсер етті ме?

Дәл осы мәселе мен Мәжіліске келгелі көтеріліп келе жатыр. Бұл бәлкім, маған қарсы адамдардың ісі шығар. Мәжілісте осы тақырыпқа байланысты этикалық комиссия өтті. Онда болған жағдайды егжей-тегжейлі түсіндіріп бердім. Бұл құрылыс компаниясы менікі емес. Мен ешкімді мәжбүрлеген жоқпын. Сонымен қатар, бұл менің депутаттық қызметіме дейін жасалған жарнама. Мұның барлығы этикалық комиссияда қаралды.

Сізден бөлек осы үйді жарнамалаған танымал адамдар болды ма?

DOSTAR DELUXE құрылыс компаниясын менен бөлек Төреғали Төреәлі, Нұрболхан Шарапов сияқты танымал адамдар жарнамалаған. Дәл осы компанияның жарнамасы республикалық арналардан да көрсетілді. Әлеуметтік желілерде таргет жіберіліп, үй сататын ресми сайттарда да жарнамаланған. Жан-жақтан жарнама көрген халық айналып келіп Дәулеттен көрдік дей салады әрине. Неге деген сұрақ туындаса, өйткені Дәулет депутат болып отыр деп жауап береді.

Бұл тұрғын үй мәселесін КТК телеарнасы, 31 арна, Азаттық радиосы,  massaget.kz, nur.kz, stan.kz, басқа да ақпараттық порталдар көтерген еді. Барлығына да ашық сұхбат беріп, сұрақтарына жауап бергенмін.

 

Бұл мәселе қанша уақытта шешімін табады деп ойлайсыз?

Бұл процесс ұзаққа барады деп ойлаймын. Себебі, өзім де үлескер болып үй алғанда 3 жылға дейін күткен кезім болған. Мысалы, мен Астанадағы G-park құрылыс компаниясына ақша салып, оны 2022 жылдан бері күтіп жүрмін. Оның да жарнамасын танымал адамдар жасады. Бірақ мен ешкімді кінәлап отырған жоқпын ғой. Мен онда ақшаны өз басыммен ойланып, өз аяғыммен барып салдым. Сондықтан күту керек, ол бірден шешіле салмайды. Астананың өзінде 11 жылдан бері баспаналарын күтіп отырған үлескерлер бар. Өкінішке орай әлі күнге дейін мәселелері шешілмей келеді.

 

Айта кетейік, бұл құрылыс компаниясы жайында басқа да танымал адамдар жарнама жасаған. Түрлі ақпарат көздерін зерттей келе мына жаңалықтарды да көзіміз шалды. DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешенін танымал әнші Төреғали Төреәлі, блогер Нұрболхан Шарапов, сондай-ақ «Хабар» агенттігі де жарнамалаған.  

Нұрбике Қартбаева

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
13 Пікір
О
Ор аға 28.02.2024
Сенің сөзінде салмағы жоқ болғанығой елдің бар тапқаны н аитқан үи құрлысына салам деп быт шыт болып жатырмызғой
Жауап беру
А
Айгерим 28.02.2024
Сенген еді, күйсегеніңді ұрайын болып жатыр, қанша халық сенің жарнамаңа сеніп не болды , соңында саусақ арасынан , бас бармақты шығарып иіскеп отыр , не үй , не ақша жоқ
Жауап беру
Б
Бағдат. 27.02.2024
Дәулеттің жарнамасымен алдандым. Қолынан келмейтін іске араласпау керек еді. Жауапкерліктен қашып отырсың. Бұл алаяқтың бір түрі. Жаның ашығандай жарнаманы ұзағынан жібердің. Депудат қой халықтың қамын ойлаған азамат екен деп, бос сөзіңе сендік. Халығыңды алдап соқтың. Бәтуә жоқ айтқан сөзіңде. Енді басқадай свйрап отырсың. Орыныңды біліп сайрасаңшы.
Жауап беру
А
Айгерим 27.02.2024
Лично мен Даулеттин рекламасымен бардым. Куйеуимнин машина аламын деген акшасын куйып осы уйге. Казир ажырасып кеттик. Уакыты келмей, босанып жатыр арамызда айелдер, давлениемен. Даулетти Бир Аллага тапсырып отырмыз.
Жауап беру
Н
Нұрбек 27.02.2024
Менің ағам Төреғалидің жарнамасын көріп алған. Маған да ұсынып еді. Кінәлілер жазасын алып, барлығы оңынан шешіліп кетсін.
Жауап беру
Г
Гулмайра 27.02.2024
Даулет те Адам баласы гой,адейи истемеген шыгар,кателеспейтин Адам бар ма,бул омирде?Арким оз исине ози жауап беру керек.Биреуди киналаганнан озгеретин дуние болса канеки.
Жауап беру
А
Айнур 27.02.2024
Дәулет мырзаға сеніп барып салғанбыз халықтың адамы дегені осы ма әрине жарнама жасағаны үшін қыруар ақша беріп жатса док қарамай ақ жағаныңыз өтірік емесқой енді кінә бізден болып шықты ма? Аллам әр қайсыңның жазаларыңды береді жегендерің әлі ақ желкелеріңнен еселеп шығады
Жауап беру
Т
Туленов Алмас 27.02.2024
Дәулет жарнамалағаннан соң, тез арада 3 бөлмелі пәтерімді сатып. Осы ЖК-дан 3 бір бөлмелі үйді толық төлеп сатып алдым. Енді үйде жоқ, пәтер жалдап жүрмін. 4 балам бар, рақмет саған, Дәулет!!!
Жауап беру
А
Адонти 27.02.2024
Алла калап оз акшамызды кайтып алсак киналилер жауапка тартылып жазасын отесин.
Жауап беру
Н
Назгуль 27.02.2024
Мен көпбалалы анамын.Осы Даулеттің жарнамасына сенгеніміз рас.Мейлі біз білімсіз қараңғы екенбіз, бірақ бұл сауатты халыққа жанашыр деп сендік. Реклама үшін 2бөлмелі пәтер алмақ болғаныда белгілі. Халыққа білім беріп емес, осылай жарнама арқылы өзі баспаналы болып жүрген адам екеніңе көзіміз жетті. Алланың көзі түзу болсын. Қазақтың атына кір келтірмей бастағы тақияны ластамай шешіп қойшы өтініш.
Жауап беру
Ш
Шынгысова Айжан. 27.02.2024
Менің есімім Айжан болады.Мен осы Делюкстың үйі салынбайтынын білгенде аяғым ауыр еді.Содан давления 180/90 реанимациядан бірақ шықтым.Срогымнан ерте босандым 35апта 5күн дегенде.Маған қойылған диагноз "Тяжелое прекломсия" Қазір әлі больницадамын сәбиім аппаратта.Мен олардың бізге ақшамызды қайтарып бергенін қалаймын болды!Олар маған 7.500000 млн.теңге қарыз.
Жауап беру
М
Мирас 27.02.2024
Именно Даулет рекламасынан алдык, енди келип ешкимди суйреп апармадым дейди, билеты кара халык озине сенетинин! Халыкка жаны ашитын деп сендик! Мен озимен бизди салыстармайак койсын бизди тындайтын ешким жок депутат емеспиз, осы шикилик басталганда сразу айту керек еди, ундемей пост оширдим демей зан болса жазасын берсин Судан таза суттен ак болып, аягымнан шалып демей ак койсын
Жауап беру
Д
Достар 27.02.2024
Бул маселе жонде алданған 80% адам Даудетке сенген сосын Даулктты қаралау үшін ешкім де қолдап отырған жоқ. Нақты адамдар Даулет кінәлі деп ойлап ай сайын әр түрлі сайт арнаға шығып шу жасап отыр.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл