Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық ауыр шаруашылығы өнімдері Душанбедегі Орталық Азия елдерінің тауар өндірушілерінің көрмесінде ұсынылды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Отандық стендтің жекелеген бөлігі астықты терең өңдеу өнімдерімен ұсынылды, олардың өндірушілері - «BioОperations» ЖШС және «Азия Агрофуд» ЖШС.
Кәсіпкерлер инновациялық өнімдерін таныстырды. «Бату Агро» ЖШС өкілдері көрмеге ірі қара мен ұсақ мал терісінен өндірілген жемшөп қоспаларын әкелді.
«Алаң АӨК өнімдерін ілгерілетуге, сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы кәсіпкерлер арасында іскерлік байланыстарды орнатуға және кеңейтуге ықпал етуі тиіс»,- дейді ведомства өкілдері.
Сондай-ақ көрмеде дәстүрлі түрде Қазақстанның визиткалық карточкасы болып табылатын өнімдері – ұн, түйе және бие сүті, өсімдік майлары ұсынылған.
Әсіресе, «Баян сұлу» фабрикасының кондитерлік өнімдері мен Қазақстанда өсірілетін француз жүзім сорттарынан өндірілетін «Silk Alley» ЖШС шарабы ерекше қызығушылық тудырған.