Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық: Тоқаев негізгі басымдықтарды айқындады
Жаңалықтар

Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық: Тоқаев негізгі басымдықтарды айқындады

12.12.2020
1 мин
0
1223

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы ЕАЭО туралы шартты толық жүзеге асыруға басымдық беретінін айтты.

2021 жылдан ЕАЭО жарғылық органдарында төрағалық ету Беларусьтен Қазақстанға ауысады. Сондықтан президент одақ шартын жүзеге асыру, кедергілерді жою, кооперациялық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту, комиссияның кадрлық құрамын қалыптастыруды жетілдіру мен оның қызметі мен жауапкершілігін күшейту міндеттерін айқындады.

Сондай-ақ қазіргі пандемия кезіндегі одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға көңіл бөлу керегін атап өтті.

«Ірі кәсіпорындарға қарағанда орта және шағын бизнес өкілдерінің кооперация үшін мүмкіндіктері аз. Шағын және орта бизнес біздің экономиканың негізі саналады, халықтың басым бөлігін жұмыспен қамтып отыр. Осыған байланысты комиссияға интеграциялық өндірістік тізбеде шағын және орта кәсіпорындарды тартуға қатысты ұсыныстар кешенін әзірлеуді ұсынамын», – деді Тоқаев.

Отырыс видеокоференция режимінде өтті. Оған Тоқаевпен қатар ЖЕЭК-тің құрметті төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Жиында Қазақстан, Армения, Ресей, Беларусь және Қырғызстан президенттері Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарының пысықталған жобасын талқылады.        

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл