Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
eGov.kz порталында жаңа қызмет іске қосылды
Жаңалықтар

eGov.kz порталында жаңа қызмет іске қосылды

09.01.2025
1 мин
0
327
Сурет: gov.kz

eGov.kz порталында жаңа қызмет іске қосылды: қазақстандықтар бұрын алған колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын цифрландыра алады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Порталда білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет пайда болды.

- Енді азаматтар құжаттағы қате деректерді түзетіп қана қоймай, оның цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Бұл қызмет бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді, – делінген хабарламада.

“Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді жаңарту (түзету)” қызметі кеңейтілді. Бұрын бұл тек қате ақпаратты түзетуге мүмкіндік берсе, енді құжаттарды цифрландыруға өтініш беру мүмкіндігі қосылды.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, “Азаматтарға” – “Білім” бөлімін таңдаңыз;
  • “Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)” қызметін таңдап, “Онлайн сұрау” батырмасын басыңыз;
  • “Білім туралы құжаттар туралы ақпаратты цифрландыру” қызметін таңдап, құжаттың түрін көрсетіп, оның сканерленген көшірмесін тіркеңіз;
  • қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздің “Қызметтерді алу тарихы” бөлімінен көруге болады.

Құжаттарды цифрландыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 1980–2023 жылдар аралығында берілген орта білім, техникалық және кәсіби білім беру құжаттары цифрландыруға жатады. Қызмет көрсету уақыты – 5 жұмыс күні.

Егер ұсынылған құжаттар немесе деректер дұрыс болмаса, қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.

Жаңартылған функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы “Талдау” ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы” АҚ-ның бірлескен жұмысы нәтижесінде іске асырылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл