Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
eGov-та жаңа функция пайда болды
Жаңалықтар

eGov-та жаңа функция пайда болды

06.05.2025
мин
0
539
Сурет: gov.kz

eGov порталында жаңа қызмет пайда болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Енді әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқу орнына қайта қабылдану үшін онлайн түрде өтінім бере алады.

- Қызмет тегін ұсынылады және кем дегенде бір семестр оқуын аяқтаған азаматтар үшін қолжетімді, – деп жазылған хабарламада.

Осыған дейін мұндай рәсім қолжетімсіз болған және оқу орнына барып, өтінішті жеке тапсыруды талап еткен. Сондай-ақ жеке куәлік, транскрипт, қызмет орнының мінездемесі, суреттер, әскери билет көшірмесі және басқа да құжаттардан тұратын құжаттар пакетін жинау қажет болған.

- Өтінімді оқудан шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде ғана беруге болады. Егер бұл мерзім өтіп кетсе, оқу орнына қайта қабылдамайды, – деп жазылған хабарламада.

Әскери оқу орнына қайта қабылдану үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

  • eGov.kz порталына кіріп, тіркеліп, "Азаматтарға" – "Әскери есеп және қауіпсіздік" – "Әскери қызмет" бөліміне өтіңіз;
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қалпына келтіру" қызметін таңдап, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз;
  • оқу орнын таңдап, оқудан шығарылғаннан кейін қанша уақыт өткенін көрсетіп, жеке деректерді пайдалануға келісім беріңіз;
  • тұрғылықты мекен жайыңызды көрсетіп, қажет құжаттарды тіркеңіз;
  • өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растаңыз;
  • кейін "Көрсетілген қызметтер тарихы" бөлімінен нәтижені тексере аласыз.

Өтінімді қарау мерзімі – 20 жұмыс күні.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл