Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Екібастұз әкімдігі терроризммен күреске 10 000 000 теңге бөлмек
Жаңалықтар

Екібастұз әкімдігі терроризммен күреске 10 000 000 теңге бөлмек

11.07.2024
1 мин
0
798
Фото: flectone.ru

Екібастұз қаласының әкімдігі әлеуметтік желідегі халық пікірін бақылау үшін жариялаған 10 млн теңгенің лотын түсіндірді.

Әкімдік баспасөз қызметінің жазуынша, конкурсқа бөлінген қаражат имидждік жұмысқа қатысты емес, тек деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуын болдырмау мақсатында шаралар қабылдауға көзделген.

«Екібастұз қаласының мемлекеттік органдары жастарды деструктивті идеологияның ықпалынан қорғау бойынша шаралар қабылдауда. Жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары және дін саласындағы уәкілетті ұйым өкілдерінің қатысуымен Екібастұз қаласының терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өткізілді, онда деструктивті діни түсінік идеологиясын тарату мәселесі қарастырылды», - делінген хабарламада.

Терроризмге қарсы комиссия отырысынының қорытындысы бойынша ақпараттық кеңістікте, атап айтқанда әлеуметтік желілерде аналитикалық және ақпараттық жұмыстарды күшейту жөнінде ұсынымдар әзірленген.

«Қолда бар мәліметтерге қарағанда деструктивті идеологияның негізгі таралу көзі әртүрлі интернет-ресурстар, әсіресе әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылады. Комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, әлеуметтік желілер мен онлайн-алаңдарға мониторинг жүргізу және талдау бойынша ашық конкурс тәсілімен қызметтерді сатып алуға 10 млн теңге көлемінде қаражат бөлу туралы шешім қабылданды», - деді әкімдіктен.

Айта кетейік, осыған дейін Екібастұз қаласының әкімдігі «ақпараттық мониторинг қызметтері үшін» 10 673 466 теңгеге тендер жариялаған. Мемлекеттік сатып алу порталындағы деректерге сай, әкімдік қызмет көрсетуші тұлғадан әлеуметтік желілер мен басқа да онлайн-алаңдардың деректерін жинау және талдау жүйесіне қолжетімділікті ұсынуды талап етеді. Оның ішінде Вконтакте және Instagram әлеуметтік желілеріне басымдық берілген. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл