Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ел азаматтарының 70%-ының банкроттыққа өтініші қабылданбаған
Жаңалықтар

Ел азаматтарының 70%-ының банкроттыққа өтініші қабылданбаған

05.05.2023
1 мин
0
1120

Екі айдың ішінде өзін банкрот деп тануды сұраған қазақстандықтардың 70%-ының өтініші қабылданбаған. Өйткені қаржы министрлігінің айтуынша, адамдардың қарызы шекті сома, яғни 1 600 айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Өтініш бергендердің кейбірі ипотека төлеп жатқаны анықталған, яғни қарыз төлеуге мүмкіндігі бар. Ал көпшілігінің меншігінде мүлік, автокөлік, жер учаскісі бар. Мұндай мәліметтер банкроттық рәсімдеу сотқа жетпей белгілі болған.

Десек те өтініші қабылданбаған азаматтардың үш айдан кейін қайта өтініш беруге құқы бар. Себебі, қабылдау әлі жүріп жатыр. Жалпы 3 наурыздан бері 50 мыңға жуық өтініш түскен.

«Қазіргі таңда 49 мың арыз түсті. Солардың 6 мыңнан астамы өңделіп, оң шешімі қабылданып, осы 6 айдың ішінде ол азаматтарға "банкрот" деген статус берілуі мүмкін. Бұл бірінші шешім қабылданды. Әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Себебі заңнама бойынша, 6 ай мерзім өтуі керек. Арызды берушілердің 36 мыңының арызы кері қайтарылды», - деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Фото: ratel.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл