Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Отырыста Екатерина Смышляева электр самокаттардың, гироскутерлер мен монодөңгелектердің пайда болуын айта отырып, негізгі мәселеге, яғни жолда болатын мәселелерді қосқан.
«Бізге азаматтардан жаңа көлік құралдарының жүрісін реттеу мәселелері бойынша өтініштер үнемі түсіп жатады. Бұл, әсіресе, мегаполистерге қатысты. Электр самокаттардың жолдармен және тротуарлармен жүруі жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіп төндіруде.
Заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген. Алайда электр самокаттарға қатысты техникалық регламент тек 2022 (екі мың жиырма екінші) жылдың шілдесінде қабылданды»,- дейді ол.
Оның сөзінше электросамокатты жолдың оң жақ бөлігімен айдау үшін жүргізуші куәлігі болуы керек.
«Электр самокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Алайда, бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Және үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.
Жолдың жүру бөлігіне шығатын жүргізушілерге қойылатын талаптар – авариялық жағдайлардың алдын алу мақсатында енгізілді. Өйткені жол жүрісі қағидаларын білмеу – көлік құралының конструкциясын ескерсек, қиын жағдайға алып келуі мүмкін»,- деді Екатерина Валисьевна.
Фото: zakon.kz