| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде 2,5 мыңға жуық әлеуметтік қызметкердің біліктілігі ресми танылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруды жалғастыруда.
2025 жылы құрылған арнайы орталықта бүгінге дейін 2 453 маман біліктілігін растаудан өтті. Бұл сертификат аттестаттау мен санат алуда негізгі құжат болып саналады.
Сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер тізілімі іске қосылып, Enbek.skills платформасында 12 мыңнан астам маман оқытылды. Барлығы курсты аяқтап, сертификат алған.
Жалпы, бұл шаралар әлеуметтік қызмет сапасын арттыруға және мамандарды халықаралық стандарттарға сай даярлауға бағытталған.