Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы үкімет пен Парламенттің бұл мәселені талқылап, арнайы зерттеулер жүргізгенін айтты. Сонымен қатар қоғам белсенділерінің күмәндері мен қауіптері негізсіз деп танылғанын атап өтті.
Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді, логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын, оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ, - деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге қатысты пікірталасты аяқтап, оны саясиландырудың қажеті жоқ екенін атап өтті.