Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі халықаралық мамандарды елімізге тарту және цифрлық экономиканы дамыту мақсатында Digital Nomad Visa бағдарламасын іске қосты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрліктің мәліметінше, бұл виза әлемнің әртүрлі өңірлерінен келген мамандарға Қазақстанда заманауи цифрлық қызметтерді пайдаланып, жоғары деңгейлі жайлылықта өмір сүруге және жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Digital Nomad Visa IT мамандарға арналған, Қазақстанды қашықтан еңбек ету үшін қолайлы орталық ретінде танытады. Бағдарлама жылдам интернет, озық цифрлық қызметтер және бизнес жүргізудің жеңілдетілген тәсілдері арқылы жоғары білікті мамандарды тартуға бағытталған.
Digital Nomad Visa артықшылықтары:
- Икемді визалық режим: Визаны беру және ұзарту рәсімдерінің жеңілдетілуі.
- 5G және спутниктік байланысқа қолжетімділік: Ел аумағында тұрақты байланыс қамтамасыз етілген.
- Жергілікті мәдениетпен интеграция: Бейімделуге, тұрғын үй іздеуге және кәсіби байланыстар орнатуға көмек көрсету.
- Мемлекеттік қолдау: Бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі.
- Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам. Бағдарлама жұмыс істеуге ыңғайлы жағдайлар мен жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді, бұл инновациялық экожүйелерді дамытуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандармен тәжірибе алмасуға ықпал етеді, - деді цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Digital Nomad Visa бағдарламасы қазіргі таңда қолжетімді және Қазақстанда жұмыс істеуге және өмір сүруге ерекше мүмкіндіктер ұсынады.