Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде тамыз айында қандай өзгеріс болады?
Жаңалықтар

Елімізде тамыз айында қандай өзгеріс болады?

01.08.2021
1 мин
43
18940

Жаздың үшінші, соңғы айында елде бірқатар өзгерістер күшіне енеді. Ірі қалаларда демалыс күндері локдаун енгізілсе, дәрігерлердің "ковидтік" үстемеақысы екі есе қысқарады. Ал қызмет көрсету саласының жұмысшылары 10 тамызға дейін вакцина алып үлгеруі қажет.

Бес қалада карантин күшейеді

2 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында карантин қатаңдатылады.

Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Бұл талап орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қатысты емес.

Сонымен қатар бұқаралық, спорттық және отбасылық шараларға тыйым салынады.

Мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-і қашықтан жұмыс істейді. Вакцина алғандар мен соңғы үш айда коронавируспен ауырғандар жұмысқа баруына болады.

2 тамыздан Ashyq-сыз жұмыс істейтіндер:

  • құрылыс жұмыстары;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметі;
  • көлік жуу; автокөлік, тұрмыстық техника, сағат, телефон, компьютер, аяқ киім жөндеу; тігін ательесі, кір жуатын орын; химиялық тазарту; кілт жасау, гүл сататын дүкендер, фотосалондар:
  • туристік компаниялардың қызметі, бизнес орталықтардағы жекелеген қызмет түрлері: сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, есепші мен консалтинг қызметі, жылжымайтын мүлік агенттігі, сот орындаушылар, айырбастау пунктері, ломбардтар және тағы басқа.
  • Қоғамдық тамақтану орындары тек жеткізу және алып кету форматында істейді.

"Қою қызыл" аймақ пайда болды

Қазақстанда коронавирус матрицасы бойынша тағы бір "қою қызыл" аймақ пайда болды.

"Қою қызыл" аймаққа инфекциялық төсектердің 70%-і толы, ал төсек-орындардың толу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 200-ден асатын өңірлер кіреді.

2 тамыздан бастап осы аймаққа кіретін өңірлерде демалыс күндері Ashyq-қа қатысатындарды қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан, барлық кәсіпорын мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады.

Тек әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары жабылмайды.

Сондай-ақ банкет залдарының жұмысына, облысаралық және қалалық тұрақты емес тасымалға (туристік), ашық ауадағы марафондарға, көрермендер шақырылған спорттық шараларға, букмекер кеңселердің қызметіне тыйым салынады.

Балалар Ashyq арқылы кіргізіледі

Тамыздан бастап кейбір мекемелерге 12 жастан асқан балалар Ashyq арқылы кіргізіледі.

Олар компьютер клубтары, цирктер, кинотеатрлар, балалар сауықтыру орталықтары, облысаралық және қалааралық туристік тасымал.

Бірақ қосымшада тіркелу балалар үшін ерікті болады.

Дәрігерлердің үстемеақысы азаяды

Бірінші тамыздан бастап коронавируспен күреске тартылған дәрігерлердің үстемеақысы екі есеге қысқарады. Ал қазан айынан бастап мүлде төленбейді.

Бұған дейін "ковидтік" үстемеақының мөлшері 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін баратын.

Ал енді 1 тамыздан 1 қазанға дейін:

Бірінші тәуекел тобы – 425 000 теңгеден аспайды;

Екінші тәуекел тобы – 212 500 теңгеден аспайды;

Үшінші тәуекел тобы – 106 250 теңгеден аспайды.

1 қазаннан бастап үстемеақы тоқтатылғанмен, дәрігерлерді ынталандыру жаңа ереже бойынша жүргізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия басталғалы бері төленіп келген үстемеақы уақытша норма екенін атап өтті. Мемлекет басшысы вакциналау көрсеткіші артқан сайын дәрігерлерге берілетін үстемеақыны біртіндеп қолдау және ынталандырудың басқа шараларымен алмастыру қажет деп санайды. Себебі екпе салдырған адамдар көбейсе, коронавирустың қаупі төмендейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
43 Пікір
Г
Гулдархан 28.09.2021
Олай болмады сіз айтқандай
Жауап беру
Д
Дариға 08.08.2021
Оқушылар дәстүрлі форматты оқуы қажет, бір шешімін табыңыздар
Жауап беру
А
Айкерім 06.08.2021
Дұрыс екен...
Жауап беру
А
Айда 02.08.2021
5 аймақтағы Жоғары Оқу орындары онлайн оқиды ма?
Жауап беру
К
Куралай 02.08.2021
Оқушылар қалай оқиды екен?
Жауап беру
С
Салтанат 02.08.2021
Офлайн түрде делінді
Жауап беру
С
Света 01.08.2021
Қанша карантин деп жатса да Түркияның туризмі тоқтамады ғой ала жаздай. Ақшасы барлар ел асып жүр, байлар туристер әкеп жатыр сол вирусты.
Жауап беру
С
Саяжан 01.08.2021
Былтырлан бері қанша қатаң карантин шараларын қолданып жатыр ау, бірақ поездға мінсең де автобусқа отырсаң да үлкен де кіші де жолда жүр қыдырып. Спорт мектептері сбор ұйымдастырып түрлі базаларға блаларды жинап өз жұмыстарын тоқтатқан емес. Поездға мінсең шұбырған бала . Жарысқа бара жатқан, қыдырып жүрген. Билет жоқ қой даже. Ақыры балаларға вакцина салдырады ертең.
Жауап беру
Т
Туристтык компаниялар зачем жумыс истейды сонда? Вокзал аэропорт ше? 01.08.2021
Олар жабылмайма?
Жауап беру
K
Kumisai 01.08.2021
duris aitadi, usteme akwalari alinsin, usteme akwa kosilmasada jasaitin jumistari
Жауап беру
М
Мия 01.08.2021
Ужас.... кауип катер коп сиз оган барар ма единиз?
Жауап беру
Г
Гулбану 01.08.2021
Дұрыс айтыпты
Жауап беру
Р
Рау 01.08.2021
Ашықпен жұмыс жасайтындары қайда миды ашытты ау
Жауап беру
Р
Рау 01.08.2021
Ашықпен жұмыс жасайтындары қайда миды ашытты ау
Жауап беру
М
Мариям 01.08.2021
Дұрыс , айтылған . Толық қосыламын .
Жауап беру
А
Алтынай 01.08.2021
Елимиз аман жұртымыз тыныш болсын болашақ балаларымыз аман болсын....
Жауап беру
А
Алтынай 01.08.2021
Елимиз аман жұртымыз тыныш болсын болашақ балаларымыз аман болсын....
Жауап беру
Г
Гулзира 01.08.2021
Поезд жүрема екен осы айдың ішінде тоқтамайма
Жауап беру
А
Акерке 01.08.2021
частный балабақшалар жұмыс жасай береме
Жауап беру
А
Алёна 01.08.2021
Сонда 12 жастагы балаларга вакцина миндетти деген гой. Акылдылар астарлап жеткизипти
Жауап беру
Г
Гульшат 01.08.2021
Карантин күлиеді
Жауап беру
Г
Гульшат 01.08.2021
Карантин күшиеді
Жауап беру
М
Мәншүк 01.08.2021
Недеген ақылды вирус. Оттапты
Жауап беру
Ж
ЖаЖазира 01.08.2021
Недеген битпитин скаска болды,Аллак сабыр берши маган
Жауап беру
Э
Эльмира 01.08.2021
Мектеп ашылады?
Жауап беру
Э
Эльмира 01.08.2021
Мектеп ашылады?
Жауап беру
Г
Гулзат 01.08.2021
Осы ертегі шаршатты
Жауап беру
А
Айгерим 01.08.2021
Шаршатты шыны керек битпейтин жыр болды ғой.
Жауап беру
А
Айша 01.08.2021
Дәрігерлер жұмыс істемесін көрсін өздері барып істесін,мына ыстықта оңай мекен аурулармен алысқан,оныда көп көріп жатырма төленсін індет біткенше.
Жауап беру
М
Мия 01.08.2021
Толык келисемин сизбен
Жауап беру
Г
Гулнара 01.08.2021
Кредитти Калай жабамыз,осылай бола берсе
Жауап беру
Ш
Шолпан 01.08.2021
Дәрігерлердің устем акысын алып тастаса 'сонда короновирус та азайайындеп жатырма
Жауап беру
Г
Гулшира 01.08.2021
Бул индет кетип каита келетин жаксы болдыгои халык уиренип калдма
Жауап беру
Н
Нурлы 01.08.2021
Даригерлердин устемакысын азайткандары не сасканы оздери журсин корсин оранып сосын барып шешим кабылдар дым истемей ак отрп млн алатындар бар оларга не айтад екен
Жауап беру
А
Алма 01.08.2021
Мынандай 40 градуста оранып оздери журсинши корейк киимди сыгып алатындай шылкылдап терлеп ауа жетпей уздиксиз жумыс жасаймыз! Ещё вакцина алгандардан кауип жок дейди анык сондай вакцина алгандар ауырып тусип жатыр шаг ал десе бас алатын жогарыдагылар тук битирмей кресло да уйыктап карындарын салбыратып куры сым костюм тоздырып жургенген биреулер! Халыкка дым пайдасы жок ещё млн зарплата алады
Жауап беру
А
Алма 01.08.2021
Мынандай 40 градусов оранып
Жауап беру
М
Мейрамгуль 01.08.2021
Пандемия өршіп тұрғанда дәрігердің ақшасын қысқартқаны қай сасқаны
Жауап беру
Ж
Жұлдыз 01.08.2021
Өтірік вакцина салдырғандарда қайта ауырып жатыр
Жауап беру
Б
Балзия 01.08.2021
Бала бақшалар жұмыс жасайды ма
Жауап беру
Д
Диа 01.08.2021
Осы үкіметте отырып сайрай бересіңдер.1-ші категориямен барлық врач медбике санитарларға бірдей берілу керек
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл