Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде төлқұжатты онлайн форматта жаңарту жоспарланып отыр
Жаңалықтар

Елімізде төлқұжатты онлайн форматта жаңарту жоспарланып отыр

06.01.2026
мин
0
375
Сурет: caravan.kz

Биыл Қазақстанда төлқұжатты онлайн форматта қайта рәсімдеу қызметін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның айтуынша, жаңа сервис Ішкі істер министрлігімен бірлесіп іске асырылып, бастапқы кезеңде тек құжатты қайта шығару мүмкіндігімен шектеледі. Ал төлқұжатты алғаш рет рәсімдеу әзірге офлайн форматта қала береді, себебі бұл үдеріс азаматтың жеке басын нақты сәйкестендіруді талап етеді.

Бірінші вице-министр цифрлық қызметтерді енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асатынын атап өтті. Бұл ретте процестің қауіпсіздігіне, сенімділігіне және азаматтар үшін ыңғайлы болуына ерекше мән берілмек.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта жүргізуші куәлігін онлайн рәсімдеу қызметі жұмыс істеп тұрғанын айтып, алдағы уақытта бұл сервисті толық цифрлық форматқа көшіру көзделіп отырғанын жеткізді. Дегенмен, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы дәстүрлі түрде қызмет алу мүмкіндігі сақталады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл