Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2026 жылы зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?
Жаңалықтар

2026 жылы зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?

09.12.2025
мин
0
704
Сурет: Midjourney

2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері артады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2026-2028 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетте бұл жағдай қарастырылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы 69 049 теңгеге дейін артады. Қазіргі мөлшері - 62 771 теңге, яғни өсім 6 278 теңге болады.

Базалық зейнетақы да көбейеді. 2025 жылы ол 32 360 теңге болса, 2026 жылы 35 596 теңгеге дейін көтеріледі. Өсім - 3 236 теңге.

Қазір Қазақстанда зейнет жасы - ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 61 жас (2028 жылға дейін осылай қалады). Қазақстандағы зейнетақы үш бөліктен тұрады:

  • Ортақ зейнетақы - 1998 жылға дейін жұмыс істеп, бұрынғы жүйеге жарна аударғандарға мемлекет төлейтін бөлік.
  • Базалық зейнетақы - барлық зейнеткер алатын мемлекеттік төлем. Оның мөлшері еңбек және сақтандыру өтіліне байланысты.
  • Жинақтаушы зейнетақы - адамның өзі БЖЗҚ-да жинайтын қаражат, жалақысының 10 пайызы ай сайын жеке зейнетақы шотына аударылады.

2026 жылы индексациядан кейін ең төменгі зейнетақы мөлшері 104 645 теңге, ал ең жоғары зейнетақы мөлшері 238 412 теңге болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл