| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада жаңа жылдың алғашқы түнінде 22 нәресте дүниеге келді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2026 жылдың 31 желтоқсанынан 1 қаңтарына қараған түні Астанада 22 нәресте дүниеге келді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Ведомство мәліметіне сәйкес, сағат 00:00-ден 07:00-ге дейінгі аралықта елордадағы перзентханаларда 22 сәби жарық дүние есігін ашты. Жаңа туған балалардың жынысы теңдей: 11 қыз және 11 ұл. Егіздер немесе үшемдер осы түнде тіркелген жоқ. Бұл көрсеткіш елордадағы жаңа жылдың алғашқы сағаттарында демографиялық жағдайдың қалыпты екенін көрсетеді.
Ал Түркістан облысында 29 бала, Шымкент қаласында 24 сәби, Алматы қаласында 21 нәресте дүниеге келді.