| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шетелге жұмысқа орналастырып, мол табыс табуға уәде беретін күмәнді ұсыныстар көбейген. Көші-қон комитеті мұндай хабарландырулардың артында алаяқтар тұруы мүмкін екенін ескертіп, азаматтарға жұмыс берушіні тексермей тұрып ақша аудармауға кеңес берді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомство мәліметінше, шетелге тез жұмысқа орналастыруға және жоғары табысқа кепілдік беруге уәде ететін хабарландырулардың артында Қазақстанда ресми тіркелмеген делдалдар мен күмәнді ұйымдар болуы ықтимал.
Тексерілмеген интернет-ресурстар арқылы жұмыс іздеу азаматтардың ақшасынан айырылуына әкелуі мүмкін. Бұған қоса, шетелде жұмысқа орналасқанда құқықтық кепілдіктердің болмауы еңбек құқықтарының бұзылуына және басқа да қиындықтарға соқтыруы ықтимал.
Комитеттің хабарлауынша, мұндай алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылардың бір бөлігі Қазақстаннан тыс жерде әрекет етеді. Бұл зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғауды және күдіктілерді жауапқа тартуды қиындатады.
Шетелде жұмыс іздегенде нені ескеру керек?
Көші-қон комитеті азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу кезінде бірнеше маңызды талапты ескеруді ұсынды.