Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде зейнетақы қорынан заңсыз ақша шешкен 143 емхана жабылды
Жаңалықтар

Елімізде зейнетақы қорынан заңсыз ақша шешкен 143 емхана жабылды

06.02.2026
мин
0
145
Сурет: tengrinews.kz

Елімізде зейнетақы қорынан заңсыз ақша шешкен 143 емхана жабылды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жеке медициналық ұйымдарға тексеріс жүргізген. Өткен жылы жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша Қазақстанда 400-ге жуық денсаулық сақтау нысаны қызметін тоқтақан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

— Тексеру барысында 500-ден астам ұйымға тиісті шаралар қабылданды. 70 млн теңгеден астам айыппұл салынды, — деді ведомство өкілдері.

Тексерістің басым бөлігі жеке емдеу кабинеттеріне, наркологиялық оңалту орталықтарына және стоматологиялық клиникаларға жүргізілген. Жалпы 313 стоматологиялық клиника тексерілген. Нәтижесінде 143 клиника өз еркімен жұмысын тоқтатқан. 

Аталған тексерістерге зейнетақы жинақтарынан 10 миллиард теңгеге жуық қаражат шығарылуына байланысты жанжал түрткі болған. 9 қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов мемлекет басшысына зейнетақы қорынан заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысты резонанс тудырған деректер туралы баяндаған

Қаржы нарығын реттеу агенттігі стоматологиялық қызметтерге төлем жасалды деген желеумен БЖЗҚ-дан 200 миллиард теңгенің негізсіз алынғанын анықтады. Қаражат түрлі схемалар арқылы шығарылған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл