| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
ІІМ бірінші жартыжылдықтағы есірткі қылмысына қарсы жұмысты қорытындылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2024 жылы ІІМ бастамасымен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылып, бұл бастама Мемлекет басшысының қолдауына ие болды. Сондай-ақ Республикалық нашақорлыққа қарсы штабтың мәртебесі Премьер-Министр деңгейіне дейін көтерілді. Қазіргі таңда есірткі қылмысына қарсы жұмыс 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында жүргізілуде.
Алғаш рет Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес құрылып, оның құрамына қоғамның түрлі саласының танымал өкілдері енді. Осындай кеңестер еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді.
Жыл басынан бері құқық қорғау органдары 7 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 500 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеп, 15 есірткі зертханасының жұмысын тоқтатты және алты ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойды. Сонымен қатар Украина аумағында халықаралық әріптестермен бірлескен операция барысында ірі есірткі call-орталығы жойылып, 11 күдікті ұсталды.
Есірткі қылмысының интернет кеңістігіне ауысуына байланысты цифрлық бақылау күшейтілді. «Кибернадзор» жүйесі арқылы 6 мың заңсыз сайт, «Антифрод-орталық» арқылы 9 мың банк картасы бұғатталып, 135 миллион теңгеден астам қаражатқа шектеу қойылды.
Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты да белсенді дамытып келеді. Жыл басынан бері шетелдік серіктестермен 20-дан астам кездесу өткізіліп, өңірлік және халықаралық деңгейдегі бірлескен жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.