Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еліміздегі мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылады
Жаңалықтар

Еліміздегі мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылады

20.05.2025
1 мин
0
259
Сурет: panda-stomatologiya-nn.ru

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылын аяқтау және каникул кезеңінде оқушылардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде 7 мыңнан астам мектеп жұмыс істейтінін, олардың әрқайсысы емханаға бекітілгенін хабарлады. Бүгінгі таңда 95% медбикелермен қамтамасыз етілген.

— 2024 жылдың қорытындысы бойынша оқушылардың 90%-ы профилактикалық тексеруден өтті, бұл өткен жылғы деңгейден 9%-ға жоғары. Балаларды динамикалық бақылаумен қамту 3%-ға өсті. Көбінесе ас қорыту, көру, тыныс алу ағзаларының аурулары, сондай-ақ стоматологиялық проблемалар анықталады, — деп атап өтті министр. 

Цифрландыру вакцинация мен тексерулерді автоматтандыруды, өтініштерді онлайн-тіркеуді, eGov және СМС арқылы 1414-ке ата-аналармен байланысты, "Күнделік", "Bilim.Class", "Білімал", "EDUS.Mektep" платформаларымен интеграцияны қамтиды.  

Басқа ведомстволармен бірлесіп "Денсаулық сабақтары", жарақаттанудың алдын алу жөніндегі жол карталары, "Денсаулыққа ықпал ететін мектептер" бастамасы және 2030 жылға дейінгі мектеп медицинасын ғылыми зерттеу жобалары іске асырылуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл