Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздегі 19 министрдің 12-сі ағылшынша еркінсөйлейді.
Тілдерді меңгеру деңгейі бойынша Қазақстандағы министрлер рейтингі анықталды, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты.
Ranking.kz мәліметінше, биыл полиглот шенеуніктер тізімін ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат бастап тұр. Министр жеті тілді – қазақ, итальян, орыс, жапон, ағылшын, түрік және латын тілдерін меңгерген.
Одан кейінгі орында бес тілде еркін сөйлейтін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді тұр.
Үздік үштіктің соңында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тұйықтап тұр. Бұл үш минситрдің әрқайсысы төрт тілді жетік меңгерген.
Ал мемлекеттік тілді білмейтіндер қатарында төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин тұр.
Еліміздегі 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі. Осылайша, EF EPI 2021 рейтингінде Қазақстан тізімнің аяқ жағына жайғасты: әлемдегі 112 елдің ішінде 96-шы орында тұр. Қазақстан ағылшын тілін өте төмен деңгейде меңгерген елдер қатарына жатқызылды.
Аталмыш рейтингте Еуропа елдері, дәлірек айтқанда: Нидерланды, Австрия және Дания көш бастап тұр. Ең соңғы орынға Йемен жайғасқан.