Еліміздің бірқатар өңірінде ТЖ режимі алып тасталады
13.01.2022
1 мин
0
1538
13 қаңтардан бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі алып тасталады. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес, мына өңірлерде төтенше жағдай режимі алып тасталады:
"Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
"Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
"Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 740 Жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.