Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа - райының тұрақсыз сипаты күтіледі, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазГидрометке сілтеме жасап.
Елімізде бірнеше өңірінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, түнде солтүстікте, орталықта, шығыста жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кейде бұршақ жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман күтіледі; оңтүстік өңірлерде - шаңды дауылдар. Кезең соңында Солтүстік антициклонның енуімен Қазақстанның басым бөлігінде температураның төмендеуіне әкеледі. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнгі уақытта 1-7 градусқа дейін үсік күтіледі, шығыста 1-10 аязға дейін төмендейді.
30.04-03.05 аралығында елордада 5С-қа дейін қатқақ күтіледі деген ескерту хабарламалары келіп жатыр.
фото: Ашық дереккөзден