Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан мешіттеріне Алаш қайраткерлерінің есімі беріледі деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.
–Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай айтулы мерейтойдың мәнін арттыру мақсатында қазақ даласынан шыққан әулие, ғұлама, батыр, алаш қайраткерлері мен ахун-ишандардың есімін мешіттерге береміз, – деді ҚМДБ Төрағасы.
Қазақстанда қазіргі таңда жалпы саны 2888 мешіт жұмыс істеп тұр. Мешіттерге қазақ халқының рухани, мәдени және тарихи мұрасын насихаттау мақсатында ерекше тұлғалардың есімдері берілмек. Бас мүфтидің айтуынша, бұл бастама ҚМДБ-ның құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған шаралардың бірі.