Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Елорда жастары» бағдарламасы наурыз айында басталады. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев хабарлады.
Оның айтуынша, "Алматы жастары" бағдарламасы сияқты бағдарлама Нұр-Сұлтан қаласында да іске қосылады. Қазіргі кезде бағдарламаның шарттары қаралып жатыр.
«Аталмыш бағдарлама бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Азаматтардың жасы, мамандығы қарастырылуда. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді», - деді ол.
Жансұлтан Матаевтың айтуынша, бағдарлама талабы бойынша бастапқы жарна мөлшері 10%-ті құрайды. Азаматтар 13 млн теңгеге дейін баспана ала алады. Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласында кезекке тұра алмай жүрген жастарды қамту жоспарланған. Мұғалімдер, полиция қызметкерлері, өнер және әлеуметтік сала қызметкерлерін қарастыру көзделген. Десек те, тізім әлі де толықтырылатын болады.
Тағы көру