Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада 29-30 мамыр күндері бірқатар көше жабылады
Жаңалықтар

Елордада 29-30 мамыр күндері бірқатар көше жабылады

29.05.2025
1 мин
0
235
Сурет: Астана әкімдігі

Астанада 29-30 мамыр күндері өңірдегі ең ірі іскерлік оқиғалардың бірі – Astana International Forum (AIF) 2025 өтеді. Форум әлемдік көшбасшылардың, сарапшылардың, инвесторлар мен бизнес өкілдерінің басын қосады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл туралы Елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 600 шетелдік қонақ қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында жетекші саясаткерлер, халықаралық ұйымдар мен корпорация басшылары, инвесторлар және ғылыми орта өкілдері бар.

Форумның өткізілуіне байланысты Астанада бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Мына учаскелердегі жолдар жабылады:

 • Анадолы көшесі (бір бағытымен) – Г.Әлиев көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін; • Г.Әлиев көшесі (бір бағытымен) – Анадолы көшесінен Н. Балғымбаев көшесіне дейін; • Ақмешіт көшесінде ресми кортеж қозғалысы кезінде уақытша шектеулер қойылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында жол бойына уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл