Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Таяуда Whoosh кикшерингтік сервисі қайта маусымдық жұмысын бастап, электронды самокаттар паркін 35 пайызға ұлғайтуды жоспарлауда, деп хабарлады Dauletten.kz.
Whoosh сервисінің негізін қалаушы және бас директоры Дмитрий Чуйконың сөзінше, Астанада мобильді қозғалыс құралдарының танымалдылығына байланысты электронды самокаттар паркі артпақ. Бүгінде виртуалды автотұрақтарда 500-ден астам самокат бар. Компания жуырда 2600-ден астам электрсамокатын қолданысқа береді.
«Қыста барлық құрылғы техникалық қызмет көрсетуден өткіздік. Қазір қолданысқа дайын. Ол кикшеринг үшін арнайы жасалған заманауи тозуға төзімді ең жас флоттардың бірі. Тәулік бойы Whoosh техникалық тобы электрсамокаттардың дұрыстығын, олардың көшедегі тәртібін және құрылғылардың қуат деңгейін бақылайтын болады», - деді Дмитрий Чуйко.