Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана полицейлері ер адамнан 400-ден астам діни мазмұндағы кітап тәркіледі, деп хабарлайды Dauletten.kz Halyq Uni сайтына сілтеме беріп.
Астана қаласы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында араздық тудырды деген күдікпен пансионат қызметкерін әшкереледі.
Аталған пансионат пен тұрғылықты жерін рұқсат етілген тінту нәтижесінде 31 жастағы азаматтан 400-ден астам діни мазмұндағы әдебиет табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру») бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.
Сот шешімімен ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды.