Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жуырда 19-21 қазан аралығында «ЕХРО» ХКО аумағында еліміздің XIV жыл сайынғы «KazAgro/KazFarm-2023» халықаралық аграрлық көрмелері өтеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«KazAgro/KazFarm» – ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытуға және агроөнеркәсіптік кешенге заманауи технологияларды енгізуге бағытталған бірегей көрмелер. Бұл сонымен қатар агроөнеркәсіп саласындағы жаһандық инновацияларды ұсынуға арналған кәсіби алаң.
«KazAgro» еліміздегі өсімдік шаруашылығының ең ірі көрмесі, онда тұқым селекциясы, заманауи технологиялар мен жабдықтар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, логистика бойынша қызметтер көрсету сынды мәселелер көтеріледі. Ал «KazFarm» – эмбриондардан бастап, дайын өнімге дейін және мал шаруашылығының әртүрлі салаларындағы қызметтерге дейін толық қамтылған Қазақстандағы мал шаруашылығы мен ет-сүт өнеркәсібінің көрмесі. Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытып, заманауи технологияларды енгізуге бағытталған Қазақстандағы кеңінен насихатталған ауыл шаруашылығы іс-шараларының бірі.
Халықаралық көрмеде Қазақстанның АӨК-де аграрлық ғылымның соңғы әлемдік жетістіктерін енгізуге ықпал ететін жетекші әлемдік агроконцерндердің, инновациялық технологиялар мен аграрлық секторды дамыту бағдарламаларының бірқатар жаңа ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары ұсынылатын болады.
Жыл сайын KAZAGRO және KAZFARM алаңдары халықаралық ауыл шаруашылығы көрмелеріне қатысушы 1000-нан астам делегат жинайды. Бұл көрмелер еліміздің тауар өнімділігін көрсетіп қана қоймай, әлемнің түрлі елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтады. Аталған іс - шара 20 елден 200-ден астам компанияны біріктіреді, соның ішінде: Австрия, Беларусь, Германия, Испания, Канада, Қытай, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Италия, Қазақстан және т.б.
Көрмелердің іскерлік бағдарламасы жетекші сала мамандарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен инновациялық орталықтардың басшыларының қатысуымен презентациялар, бизнес-миссиялар және бірқатар семинарларды өткізуді көздейді.
Халықаралық көрмелердің басты оқиғасы ТМД-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі министрлік конференциясы болмақ.
Көрмелер:
- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
- Германияның азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералды министрлігі;
- Астана қаласының әкімдігініңы ресми қолдауымен өтеді.
«KazAgro/KazFarm-2023» халықаралық көрмелерінің ресми ашылу салтанаты 2023 жылғы 19 қазанда сағат 11:00-де басталады.