Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері енді ұлттық тағамдармен тамақтанады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа мәзірге ет, сірне, наурыз көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да ұлттық ас түрлері енгізілмек.
Бұл өзгерістер Қазақ тамақтану академиясымен алдын ала келісілген. Калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен толықтырылған рацион әскери қызметшілердің зат алмасуын жақсартып, иммунитетін нығайтуға және ауыр жүктемелерден кейін күш-қуаттарын қалпына келтіруге көмектеседі дейді мамандар.
– Әскери тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу - бұл аспаздық жаңалық қана емес, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік рухын нығайту мен мәдени бірегейлігін сақтаудағы маңызды қадам, - деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин.