Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа QR-код жүйесі іске қосылмақ. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ербол Мырзабосыновтың сөзінше, кейде туристерді такси, байланыс және ақша айырбастау секілді қызметтермен алдап жатады. Мұның алдын алу үшін QR-код жүйесі шығарылды. Мұнда электронды SIM-карта қызметі, қонақүй брондау, тіркелу туралы негізгі ақпараттар жиналған.
– Оның алдын алу үшін QR код жүйесі жасалды. Оның ішінде такси, электронды СИМ-карта, қонақ үй брондау, негізгі ақпарат пен тіркелу қызметтері жинақталды. Бұл QR кодтар еліміздің 4 қаласында, яғни Астана, Ақтау, Түркістан және Шымкент қалаларында орналастырылды, - деді министр.
Министрдің айтуынша, алдағы уақытта мұндай QR-кодтар барлық әуежайларда, теміржол вокзалдарында және шекара бекеттерінде орнатылуы тиіс.