Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда метро турникеттері жаңғыртылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025 жылдың күзіне қарай жолақыны турникетте бірден төлеуге болады – бұл үшін банк картасын немесе Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay қосымшасы бар смартфонды жақындату жеткілікті. Қазір банк картасымен тек кассада немесе арнайы бір турникет арқылы ғана төлеуге болады.
• Енді жетон сатып алудың немесе көлік картасын толтырудың қажеті жоқ
• Барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады
• Өту жылдамырақ әрі ыңғайлы болады
Бұл шешім қала қонақтары мен метрополитенді сирек пайдаланатындар үшін өте ыңғайлы.