Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгіннен бастап қазақстандықтар үшін шетелден жүк көліктері мен автобустарды жеке мақсатта әкелуге шектеу қойылды. Бұл — Еуразиялық экономикалық кеңестің ЕАЭО аумағына көлік кіргізу тәртібін өзгерту туралы шешімінің нәтижесі. Қазақстан да одақ мүшесі ретінде жаңа ережелерге бағынуға міндетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Енді азаматтар сырттан тек шектеулі санаттағы көлік түрлерін ғана жеке пайдалану үшін әкеле алады. Оларға төмендегілер жатады:
Жеңіл көліктер (медициналық көліктерден басқа) және ЕАЭО-ның 8703 коды бойынша тіркелетін өзге де жеңіл моторлы көліктер;
Квадроциклдер, қарда жүретін және батпақта жүретін көліктер, жол талғамайтын мотокөліктер, сонымен қатар жалпы жолға арналмаған өзге де моторлы техникалар;
Мотоцикл, мопед және мотороллерлер (8711 тауар коды);
Жеңіл жүк көліктері (толық салмағы 5 тоннадан аспайтын), сондай-ақ жолаушы саны 12 адамнан аспайтын шағын автобустар.
Ал енді 12 адамнан артық жолаушы тасымалдайтын автобустар мен салмағы 5 тоннадан жоғары жүк көліктерін тек заңды тұлғалар ғана әкеле алады. Бұл көліктер жаңа тізімге енбей қалғандықтан, кедендік рәсімдеу, электрондық паспорт алу, утилизациялық төлем жасау немесе тіркеуден өткізу мүмкін емес.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында отандық кәсіпкерлердің ЕАЭО аясында тең емес жағдайда жұмыс істеп жатқанын және бәсекелестікке қабілеттіліктің әлсіреуін атап өткен болатын.