Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандардың есірткі қылмыстарын жасауға қатысуына алаңдаушылық білдіріп, оның алдын-алу мақсатында қандай шара қолдану керектігін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полиция ата-аналарға мына белгілерге назар аударуды ұсынады:
– баланың телефонында үй кіреберістерінің, аялдамалардың, қабырғалардың заттардың суреттері пайда болса;
– жеке заттары арасында изолента, zip-пакеттер, қалта электронды таразылары пайда болса;
– араласатын ортасы өзгерсе;
– сөйлеу мәнері өзгеріп, әңгіме тақырыбын бұруға тырысса, дөрекілік танытса;
– күн тәртібі өзгерсе: оқуға бірнеше сағат бұрын кетіп, оқудан бірнеше сағатқа кешіксе, кіммен және қайда болғанын айтпаса;
– жаңа заттар пайда болса және оның қайдан келгенін түсіндіруден бас тартса.
Бұл белгілердің пайда болуы баланы бақылауға, кез-келген заңсыз іс-әрекеттің салдарын түсіндіре отырып, онымен сөйлесуге себеп болуы керек.
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталатынын еске салады.