Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Президент тапсырмасымен 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы өседі?
Қаржылық сауат

Президент тапсырмасымен 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы өседі?

06.09.2023
1 мин
32
16984

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің айтуынша, барлық саладағы меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджет қызметкерінің ақшалай табысы көбейеді.

Ең төменгі жалақы – қатардағы, біліктілігі жоқ жұмысшыға ақшалай төлемдерді анықтауға арналған ең төменгі еңбек стандарты. Бұл ретте жұмыскердің жалақысы оның біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, саны мен сапасына қарай қалыптастырылады.

Айта кету керек, Қазақстанда ЕТЖ мөлшері 2022 жылдан бастап жыл сайын артып келеді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 85 мың теңгеге дейінгі кезекті өсімді ескеретін болсақ, үш жыл ішінде ЕТЖ мөлшері 2 есе артпақ.

Ең бірінші кезекте ЕТЖ-ның өсуі жалақысы төмен жұмыскерлерге әсер етеді. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер, сондай-ақ разряд аралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Осының нәтижесінде барлық салада әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджет қызметкерлерінің ақшалай табысы өседі.

Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп ең төменгі жалақы мөлшерін айқындау әдістемесін әзірледі. Оған сәйкес ЕТЖ мөлшері медианалық жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай айқындалады.

Сонымен қатар 2020 жылдан бастап Қазақстанда азаматтық қызметшілердің жалақы деңгейін арттыру бойынша дәйекті шаралар қабылданып жатыр.

Мәселен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020-2023 жылдар аралығында жыл сайын шамамен 600 мың педагогтің жалақысын 25%-ға кезең-кезеңімен арттыру басталды. Нәтижесінде олардың жалақысы 2 есе артады.

2021-2023 жылдар аралығында мемлекеттік мекемелерде және коммуналдық кәсіпорындарда жұмыс істейтін 6 мыңға жуық медицина қызметкерлерінің, оның ішінде дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, орта медициналық персоналдың жалақысы жыл сайын 20% - ға көтеріледі.

2021 жылы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды, нәтижесінде үш жыл ішінде (2021 жылдан 2023 жылға дейін) олардың жалақысы 2 есеге ұлғаяды.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының (шамамен 600 мың) жалақысын 2022-2025 жылдар кезеңінде жыл сайын орта есеппен 20% - ға кезең-кезеңімен арттыру басталды. Нәтижесінде 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есе артады.

Сондай-ақ ведомства жұмыскерлердің жалақысын көтеру бойынша жеке кәсіпорындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде осы жылдың басынан бастап 8 мың жұмыс беруші 2,8 млн қызметкердің жалақысын 5-тен 50% - ға дейін арттыру туралы шешім қабылдады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
32 Пікір
E
ELON MUSK FREE DONATION 29.10.2023
Let me use this medium to thank Venkata Hospital for buying one of my kidneys without stress as it was so fast for the sum of $800,000 and half part was paid to me before carrying out the transplant, for those interested should contact them via DR. VENKATAINDIA @PROTONMAIL.COM as it is safe and calm swift
Жауап беру
D
DR UMAR 07.10.2023
Сіз бүйрек сатып алғыңыз келе ме, әлде бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Қаржы дағдарысына байланысты бүйрегіңізді қолма-қол ақшаға сату мүмкіндігін іздеп, не істеріңізді білмейсіз бе? Бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегі үшін жақсы $400 000 ұсынамыз Бүйрегіңізге жақсы ақша сомасын ұсынамыз. Менің атым дәрігер УМАР Мен UMAR клиникасының нефрологымын. Біздің клиника бүйрек хирургиясы бойынша мамандандырылған және біз де емдейміз Бүйректерді сатып алу және трансплантациялау Сәйкес донор. Электрондық пошта: doctorumarclinic@gmail.com WhatsApp: +31 684911709 Telegram:+31 684911709 Viber: +31 684911709 Біз Үндістанда, Түркияда, Францияда, Нигерияда, Америка Құрама Штаттарында, Малайзияда, Дубайда, Кувейтте орналасқанбыз. мұқият Доктор УМАР
Жауап беру
D
DR BENJAMIN 18.09.2023
Бүйректі сатып алғыңыз келе ме, әлде бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе, онда бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегі үшін 500 000 доллар көлемінде жақсы ақша ұсынамыз. Менің атым ДӘРІГЕР БЕНЖАМИН, FORTIS HOSPITAL-да нефрологпын. Біздің аурухана бүйрек хирургиясы бойынша мамандандырылған, сонымен қатар біз тірі тиісті донормен бүйректі сатып алу және трансплантациялаумен айналысамыз. Біз Үндістанда, Түркияда, АҚШ-та, Малайзияда, Дубайда орналасқанбыз. Егер сіз бүйректі сатуға немесе сатып алуға қызығушылық танытсаңыз, бізбен электрондық пошта немесе WHATSAPP арқылы хабарласудан тартынбаңыз. Электрондық пошта: fortishospital4040@gmail.com WHATSAPP НОМЕРІ: +19163046854 ЕҢ ЖАҚСЫ ТІЛЕКТЕР.. БАС МЕДИЦИНАЛЫҚ ДИРЕКТОР Доктор БЕНЖАМИН
Жауап беру
Д
Дана 23.12.2023
Сәлеметсіздер. Неге колледж мұғалімдерінің жалақсын өсірмейді. Колледждер мектептен аз алады.
Жауап беру
А
Альбина 17.09.2023
Мұғалымдермен дәрігерлер,және әскери қызметшілердің жақшаларды онсызда жылдан жылға 30%осып жатыр ғой жай шаруалардың қара жұмысшылардың ақшасын неге көтермейді ең төменгі жалақы 70 мың 80солар қайтадан өз орнында қалдығой
Жауап беру
П
Пва 07.09.2023
Сонымен кімдікі котерілетін болды
Жауап беру
П
Пва 07.09.2023
Сонымен кімдікі котерілетін болды
Жауап беру
Л
Лаззат 06.09.2023
85000тг калай жетеди.Прадукты .Квартплаттар еки есеге лсти.ол айлык косылганша тагы кымбаттайды.Сол косылган айлыктан пенсионный,подоходный,провсаюз барлыгын устайды сонда колга тиетин авша шамалы соны миллион коскандай айтады.Техперсоналдын айлыгы ен томен соган косылса.
Жауап беру
Қ
Қалқа 06.09.2023
Ветеринариялық дәрігерлердікі қашан өсірер екен біздің Президентіміз?! Көтеріледі деп айтқан жерде қалып кетті.
Жауап беру
Е
Ерлан 06.09.2023
Мемлекеттік қызметкерлердің айлығы көтеріле ма Б корпусы
Жауап беру
Д
Дана 06.09.2023
Болып айлык котерып не керегы бар продукты уже кымбаттай ды
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл