Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Арнау» балалар депозиті жайлы не білеміз?
Баспанаға бағыт

«Арнау» балалар депозиті жайлы не білеміз?

18.07.2023
1 мин
24
12975

«Отбасы банкі» кем дегенде 10 жылға «Арнау» балалар депозитін ашып, бала кәмелеттік жасқа толғанда ең төмен пайызбен заем алып, үйлі болуға мүмкіндік береді. Осыған орай, депозиттің негізгі шарттары мен артықшылықтарын Dauletten.kz айтады.

«Арнау» депозитінің негізгі шарттары:

Жылдық сыйақы мөлшерлемесі: 2%

Ең төменгі Жинақ мерзімі: 10 жылдан бастап, максималды-шектелмеген

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі: 6%-ға дейін (мемлекет сыйлықақысын қоса алғанда)

Жинақ мерзімі біткен соң заем бойынша жылдық мөлшерлеме: 2% (ЖТСМ 2,1%)

Жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысы: 20% (бір жыл ішінде жиналған 200 АЕК-ке дейінгі жинақ сомасына)

Депозит ашу үшін комиссия: 0%

Депозит иегерлеріне арналған несиелендіру мерзімі: 6 айдан 10 жылға дейін

«Арнау» депозитінде шарт сомасының 50%-ын кем дегенде 10 жыл бойы жинап, 48 ұпайға тең Бағалау көрсеткішіне (БК) қол жеткізу керек. Осы талаптар орындалған соң депозит иегері тұрғын үй сатып алу үшін 2% жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй заемын рәсімдей алады.

Заем тек кәмелеттік жасқа толған депозит иегерінің атына беріледі, яғни үй алар сәтте баланың жасы 18-ден жоғары болуы керек.

Депозиттің бір ерекшелігі, төлем қабілеттілігін растау процедурасы жеңілдетілген. Әдетте еңбек жолын енді бастаған жастардың жалақысы төмен болады. Алайда «Арнау» депозитінің иесі табысы аз болған жағдайдың өзінде заем ала алады.

Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі кез келген балаға ашуға болады. Мысалы, баланың жасы 15-те болса және оның атына депозит ашылса, 10 жылдан кейін, яғни 25-ке келгенде 2%-бен тұрғын үй заемын рәсімдей алады.

«Арнау» депозитін сәбидің атына тек баланың заңды өкілдері (ата-анасы, қамқоршысы) ғана аша алады. Ал оған қаражатты баланың ата-анасы мен қамқоршысынан бөлек, оның әжесі, атасы, ағалары мен әпкелері, тіпті, ұйымдар да толықтыра алады.

«Арнау» депозиті бойынша салымды бөлуге рұқсат етілетін жағдайлар:

  •         мұрагерлік тәртібінде меншік құқығы пайда болғанда;
  •         заңды күшіне енген сот шешімі бойынша;

Бұл жағдайларда «Арнау» депозитінің жеңілдетілген шарттары қабылдап алған тұлғаға қатысты қолданылмайды

Ескерте кетейік, депозитті бөлуге, басқа тұлғаның атына рәсімдеуге және біріктіруге (мысалы, «Отбасылық пакет» бойынша) болмайды. Одан бөлек, депозитті басқа тариф бағдарламаларынан өтуге болмайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
24 Пікір
А
Аружан 07.08.2023
Аа
Жауап беру
М
Майра 25.07.2023
Немереме анасы ашады,атасы толтырады,олар депозитті бұза алама,кредит төлей алмай қалса ұстайма содан???
Жауап беру
D
DR. LOUIS 25.07.2023
Бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сіз қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе? Олай болса бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегіңізге жақсы соманы ұсынамыз, өйткені біздің емханаға шұғыл түрде бүйрек қажет. Веб-сайт: https://stlouishospital.business.site Электрондық пошта: dr.louisclinic@gmail.com WhatsApp: +60183956897 Бағасы: $650,000$
Жауап беру
А
Айка 27.07.2023
Ия сатуга болады
Жауап беру
Т
Турсынай 23.07.2023
Қызым 4те, 15 жылдан кейін инфляция болып ақшамыз тиын болып қалайма? Оған кім кепіл?
Жауап беру
С
Сандугаш 20.07.2023
айына неше теңге салу керек
Жауап беру
К
Клара 20.07.2023
Керемет мукиндик
Жауап беру
У
Улмекен 20.07.2023
Кушти екен
Жауап беру
А
Асылзат 20.07.2023
Айына неше мыңнан сап тұру керек
Жауап беру
А
Аякөз 20.07.2023
Кайырлы кун! Жаксы жаналык екен! Енди калай кай жерде,кандай кужат керегин айтып жиберсениз, телефон арқылы ашуға болама?Дәулет мырза, Алла Тағала разы болсын сізге ????
Жауап беру
А
Айдана 19.07.2023
Қазір баламыз 1,7 жас папасы депазит ашып қойамын деп жүрген еді ұлына ай сайын салып тұрамыз деп 18 ге толғанда қиналмасын за то депозиттегі ақшаны керегіне жаратады деп 《Арнау》балалар депозитін вопще күшті екен енді осыны папасы на айтуым керек түсіндіріп????????????
Жауап беру
Д
Динара 19.07.2023
Егер де менің атымда уй болса балама арнап уйге депозит ашсам бола бере ма
Жауап беру
Н
Нурсая 19.07.2023
Бес балама да ашып койдым ай сайын салып отырмын аллага шукір балаларым кыйналмасын деп апрельде босанган кызыма да аштым????Тиын ақшадан қуралады Даулет мырзанының жина жина деген создери маган мотивация береди.Аллаға шукір көп дуниелер ди тегин уйрендик
Жауап беру
А
Апман 19.07.2023
Ооо жақсы жаңалық екен.Қалай ашамыз? Қанша тенге құйып ашамыз? Студент болғанда квартира іздемей үиінде тұрса қандай жақсы
Жауап беру
Е
Елдеева Гүлнұр 19.07.2023
Жақсы жаңалық екен қалай ашуымызға болады.
Жауап беру
Ж
Жаңалық 18.07.2023
Жақсы жаңалық екен. Қалай ашуға болады? Айтсаңыздар
Жауап беру
Л
Лаззат 18.07.2023
Керемет жаналық уйсиз журген жандар каншама
Жауап беру
С
Сымбат 18.07.2023
Алла разы болсын керемет жаңалық екен Президентімізге алғысым шексіз рақмет!
Жауап беру
С
Салиха 18.07.2023
Сол депазитке бір тиынсыз балаға ашсаң мемлекет төлима қалай сонда
Жауап беру
А
Айгуль 18.07.2023
Керемет жаңалық .????????????????
Жауап беру
А
Алманат 18.07.2023
Өте керемет жаңалық Әрине баламыз 18 келгенде баспаналы болу Әр бір ата-ана үшүн қуаныш
Жауап беру
Ж
Жанаркүл 18.07.2023
Керемет
Жауап беру
А
АЙДАНА 18.07.2023
Арнау депозитіне ауыстыруға болама, алдында ашқан депозиттерді
Жауап беру
Э
Эмма 18.07.2023
Күшті екен
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл