Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет ғалым әйелдерге арналған марапат тағайындады. Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Найля Базанова атындағы марапат отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында тағайындалып отыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тұңғыш рет өткен жиынға еліміздің әр өңірінен 70-тен астам жетекші ғалым-әйелдер қатысып, Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев жыл сайын ғылыми жұмыстармен шұғылданатын әйелдердің үлесі тұрақты түрде артып келе жатқанын айтып, аруларды мерекемен құттықтады.
«Халқымыз «Жұмақ – Ананың ізінде, шуақ – Ананың көзінде» деген. Бүгінгі таңда әйелдердің қоғамдағы алар орны ерекше. Ол жанұяның қамқоршысы ғана емес, ол қоғамның барлық саласының дамуына орасан зор үлес қосып отырған белсенді тұлғасы деп толығымен айтуға болады. Соның ішінде нәзік жандардың ғылым мен білім беру саласының дамуына қосар үлесі айтарлықтай. Статистикалық деректер бойынша жыл сайын ғылыми жұмыстармен шұғылданатын әйелдердің үлесі тұрақты түрде артуда. Мәселен, егер 2015 жылы олардың үлесі 50 пайыз болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 54,5 пайызға жетіп отыр. Яғни, осы саладағы жетістіктердің басым көпшілігі нәзік жандардың еңбегі десек артық айтпаған болар едік», - деді ол.