| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген 30 мың азаматтың несие төлемдері уақытша тоқтатылды. Кейінге шегерілген қарыздардың жалпы көлемі 7,5 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, мұндай жеңілдік әскери қызметшілерге мерзімді әскери борышын өтеу барысында автоматты түрде беріледі. Төлемдерді кейінге қалдыру мерзімі әскери қызметтің бүкіл кезеңін және ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтиды.
Осы уақыт аралығында азаматтар негізгі қарыз бен оған есептелетін сыйақыны төлеуден босатылады. Сонымен қатар, төлем тоқтатылған кезең үшін қосымша сыйақы есептелмейді.
Дегенмен әскери қызметтің аяқталуы қарыздың жойылатынын білдірмейді. Қызметін өтеп болған азаматтар несиесін белгіленген тәртіппен өтеуді жалғастырады. Сондай-ақ мерзімді әскери қызмет кезінде жаңа несие рәсімдеуге мүмкіндік берілмейді.