450.69
505.04
5.45
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бір қарыз үшін бірнеше шоттағы қаражатты бұғаттауға жол бермеу ұсынылды
Жаңалықтар

Бір қарыз үшін бірнеше шоттағы қаражатты бұғаттауға жол бермеу ұсынылды

20.10.2026
мин
0
155
Сурет: Ғаламтордан

Қазақстан Ұлттық банкі қарызы бар азаматтардың банктегі шоттарын толықтай бұғаттау тәжірибесіне шектеу қоюды көздеп отыр, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бас банк заңнамаға өзгерістер енгізіп, сот орындаушылары шектеу қойған кезде де шотта күнкөріске жететін минималды қаражатты қалдыруды және бір қарыз үшін бірнеше банктегі ақшаны қатар бұғаттауды тоқтатуды ұсынды.

Қазіргі қолданыстағы ережеге сай, банктер кредиттік берешекті қайтарғанда азаматтардың табысының 50 пайызынан асырмай өндіріп алуға және шотта ең төменгі екі күнкөріс деңгейінен азаймайтын соманы (2026 жылы бұл көрсеткіш — 101 702 теңге) сақтауға міндетті.

Дегенмен бұл талап сот орындаушыларының инкассолық өкімдеріне жүрмейді. Бүгінгі таңда банктер сот орындаушысының талабын сөзсіз орындауға мәжбүр, ал ол кезде шотта азаматтың күнделікті тіршілігіне қажетті ақша сақталып қалуы ескерілмейді.

Сонымен қатар, іс жүзінде сот орындаушылары азаматтың әртүрлі банктегі барлық шоттарына бірдей шектеу қояды. Нәтижесінде борышкердің шоттарындағы бұғатталған жалпы сома оның нақты қарызынан бірнеше есе асып кетеді.

Осы олқылықтарды жою үшін Ұлттық банк заңнамаға екі басты жаңашылдық енгізуді ұсынып отыр:

1. Ең төменгі күнкөріс шегін сақтау: Сот орындаушылары ақша өндірген кезде де борышкердің шотында күнделікті қажеттіліктеріне жететін минимум қаражат қалуын міндеттеу.

2. Артық бұғаттауға жол бермеу: Егер бір шоттағы ақша қарызды жабуға жеткілікті болса, азаматтың басқа банктердегі шоттарын бұғаттауға тыйым салу. Сондай-ақ банктерге мұндай қайталама шектеу қаулыларын сот орындаушыларына кері қайтару құқығын беру жоспарланып отыр.

Ұлттық банк аталған түзетулерді Әділет министрлігіне қарауға жібергенін және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, заң жобасын пысықтауға дайын екенін білдірді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл