| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі жол инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өңірде бірнеше ірі автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Атап айтқанда, Қызылорда қаласының айналма жолына 46,4 млрд теңге, «Қызылорда – Сексеуіл» бағытына 242,3 млрд теңге, «Бейнеу – Сексеуіл» жолына 191,5 млрд теңге және «Ұлғайсын – Сексеуіл» бағытына 752,5 млрд теңге бөлінген.
Жұмыс сапары кезінде бірінші вице-премьер медициналық нысандардың құрылысын да аралады. Қазір Қызылордада 300 орындық көпбейінді аурухана, 400 келушіге арналған емхана және 200 орындық перинаталдық орталық салынуда. Көпбейінді аурухананың құрылысы 85 пайызға, ал емхананың жұмысы 65 пайызға аяқталған. Перинаталдық орталықты 2028 жылдың наурызында пайдалануға беру көзделіп отыр.
Сонымен қатар «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы 90 пайызға орындалған. Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған көпір жобасына да қаржы қарастырылған.
Нұрлыбек Нәлібаев жауапты басшыларға құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды, белгіленген мерзімдерді сақтауды және нысандардың айналасын абаттандыруға назар аударуды тапсырды.