Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында 4-сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды, деп хабарлайды dauletten.kz.
Қайғылы жағдай Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы орта мектепте болған. Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады.
«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен мектеп оқушысын аман алып қала алмады. Оқушы қыз жедел жәрдем көлігінде, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.