441.77
502.38
5.23
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда үш рет жер сілкінді: сейсмолог ықтимал себепті атады
Жаңалықтар

Алматыда үш рет жер сілкінді: сейсмолог ықтимал себепті атады

29.09.2026
мин
0
120
Сурет: Alataunews.kz

Алматы маңында бір тәуліктің ішінде үш рет жер сілкінісі тіркелді. Сейсмолог Мұхтар Хайдаров мұндай белсенділікке әсер етуі мүмкін факторлардың бірін атады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы маңындағы сейсмикалық белсенділікке таудағы қар мен мұздықтардың еруі әсер етуі ықтимал. Сейсмолог Мұхтар Хайдаровтың айтуынша, жазда еріген су тау жыныстарының арасындағы жарықтар мен тектоникалық жарылымдарға өтуі мүмкін.

Маманның түсіндіруінше, таудағы қар мен мұздың еруі жер қыртысына түсетін салмақтың өзгеруіне әкеледі. Осы процестердің әсерінен бұрыннан жиналған тектоникалық кернеу босап, жер сілкінісін туындатуы мүмкін.

Алматы мен оған жақын аумақтар сейсмикалық тұрғыдан қауіпті аймаққа жатады. Мамандардың мәліметінше, қала төңірегіндегі 80 шақырымдық аумақта жыл сайын 200-ге дейін әлсіз жер сілкінісі тіркеледі.

Бір тәулікте үш рет дүмпу болды

28 қыркүйекте Алматы маңында үш жер сілкінісі тіркелген. Алғашқы дүмпу таңғы сағат 06:32-де болған.

Бірнеше сағаттан соң тағы бір жер сілкінісі тіркеліп, оны Алматы тұрғындары сезген. Осыдан кейін қала тұрғындарының ұялы телефондарына төтенше жағдай туралы ескерту хабарламалары келген.

Үшінші дүмпу 13:53-те тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде орналасқан.

Нарынқолда жер сілкінісінің күші 2–3 балл аралығында сезілсе, Кегенде 2 балға дейін жеткен.

Қазіргі мәлімет бойынша, жер сілкіністерінен адам зардап шеккен жоқ, ғимараттар мен басқа да нысандарға зақым келгені туралы ақпарат тіркелмеген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл