Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді азаматтар электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдану кезінде өздерінің жеке басын 1414 нөмірінен келетін SMS-код арқылы растауы тиіс, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл – цифрлық қауіпсіздікті арттыру мақсатында енгізілген жаңашылдық.
Азаматтар SMS-кодтың орнына балама әдіс ретінде eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалана алады. Бұл жағдайда сайтта көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы жеке басын растауға мүмкіндік бар.
ЭЦҚ-ны дұрыс пайдаланбағаны үшін айыппұл қарастырылған:
Сонымен қатар, ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге қатаң тыйым салынғаны ескертілді. Бұл – құжат айналымындағы заңдылықты қамтамасыз ету және алаяқтық фактілерінің алдын алу мақсатында қабылданған шара.
Мамандар азаматтарды цифрлық қолтаңбаны тек өздері пайдаланып, жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.