Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Amanat" партиясының Қоғамдық саясат институтының exit-poll мәліметтері бойынша азаматтардың 72,3%-ы атом электр станциясын салуды қолдайды, ал 27,7%-ы - қарсы, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сауалнамаға 44 160 адам қатысты. Бұл туралы ОКҚ сайтында жарияланды.
Сауалнаманы учаскелерден шыға берісте exit-poll әдістемесін меңгерген кәсіби интервьюерлер жүргізді. 600 интервьюер мен супервайзер тартылды. Сауалнама 300 дауыс беру учаскесінде жүргізілді.
Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, шетелде 69 учаскелік комиссия жұмысын аяқтады. 9561 Қазақстан азаматы таңдау жасады. Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилиа қалаларындағы учаскелер жұмысын жалғастырып жатыр.