Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкенттік қариялар гипноздың әсерінен алаяққа бар жиған-тергенін беріп қойған, – деп хабарлайды Dauletten.kz, Polisia.kz сілтеме жасап.
Алаяққа алданғандар 73 және 68 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Екі жағдайда да белгісіз әйел алдымен үйді сатып алу үшін, көруге келген. Әңгімелесу барысында жалған сатып алушы әжелерге отбасына дуа жасалғанын және оны тез арада жоймаса, бір жамандық болатынын айтып сендірген. Тазарту рәсімін өткізу үшін ол алтын мен “қараңғы бөлмедегі қаралы күнге жинаған ақшаны” сұраған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 600 мың теңге.
Қала тұрғындары есін жинаған бойда дереу полицияға хабарласып, болған жайды жеткізген.
Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті гипноз қолданған, өйткені олардың өздері мұндай алаяқтыққа қалай түскенін түсінбей отыр.
Күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ізін суытпай ұстаған. Бұған жедел басқару орталығының камералары көмектескен.
Ұсталған азаматша мегаполисте алаяқтық жасауға бел буған Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ол өзінің құрбандарын тек егде жастағы, сенгіш азаматтардың арасынан таңдап алған.
Шымкент полицейлері алаяқтардың мұндай айласына түсіп қалмас үшін тұрғындарға бейтаныс адамдарға сенбеуге, бағалы заттарына абай болуға кеңес береді.