Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Италия премьер-министрі Астанаға келмейтін болды.
Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонидің Астанаға жоспарланған жұмыс сапары болмайды. Бұл туралы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.
Айтуынша, Эмилия-Романья аймағындағы жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитінің соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады.
Осы себепке байланысты Джорджа Мелонидің Астанаға жоспарланған жұмыс сапары болмайды. Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған. Айта кетейін, Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.
Фото: dw.com