Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Jýsan Bank ("Жусан банк") Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің келесімінен соң АТФ Банк акциясының 99,76 пайызын сатып алды.
"Келісімшартқа сәйкес, АТФ Банктің 124 миллиард теңге мөлшеріндегі меншікті капиталы қосымша провизия құру үшін пайдаланылды. Шығындар жабылған соң Jýsan Bank меншікті капиталдың жеткілікті деңгейін қалыптастырып, АТФБанкті қосымша 97 миллиард теңге көлемінде қаржыландыруды жүзеге асырды.
АТФ Банкті сатып алуы нәтижесінде Jysan тобына кіретін 2 банк активінің жалпы көлемі шамамен 3 триллион теңге болды. Бұл - Қазақстан банк секторы активінің шамамен 10 пайызы.
Екі банктің өтімділігі жоғары активінің жиынтық мөлшері 1,3 триллион теңгеден асады. Бұл Қазақстан нарығындағы ең жоғары көрсеткіштің бірі болып саналады", - делінген хабарламада.
"Біз бұрыннан келе жатқан қазақстандық банктердің бірі АТФ Банктің Jysan тобына қосылғанына қуаныштымыз. Қазіргі таңда АТФ Банк өзінің өтімділігін едәуір арттырды, қажетті провизия деңгейі қалыптасты. Ол сенімді қаржы институты болып саналады. Біздің алдағы қадамымыз - клиенттік базаны одан әрі арттыру және заманауи цифрлық сервистерді ұсынуға бағытталған 2 банктің ұзақ мерзімді даму стратегиясын әзірлеу", - дейді Jýsan Bank директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу.
Айта кетейік, Jýsan Bank АТФ Банктің клиенттерге қызмет көрсету бойынша барлық сервисі қалыпты режимде жұмыс істей беретінін атап өтті.
Дереккөз: Tengrinews.kz