Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде күшейтілген карантин уақытында электр пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады.
5 шілдеден кейін елде әуе және теміржол байланысы тоқтамайды. Алайда транспорт қатынасына байланысты бірқатар шектеу енгізіледі. Пойызбен қатынау үшін ПЦР-тест тапсырудың, анықтама көрсетудің қажеті жоқ.
Өңірлер арасында жеке көлікпен жүруге тыйым салынбайды.
Қоғамдық көлік түскі уақытта тоқтайды, тек таңғы сағат 06:00 - 10:00 және кешкі 17:00 - 21:00 аралығында жүреді.
Қандай пойыздар жүрмейді
5 шілдеде Алматы – Сарыағаш бағытымен жүретін №321/322 жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады.
Бұған дейін де бірнеше пойыз өз жұмысын тоқтатқан еді. Олар:
Астанадан 1 шілдеде, Атыраудан 2 шілдеде шығатын № 19/20 Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Атырау бағыты;
Астанадан 2 шілдеде, Оралдан 3 шілдеде шығатын № 95/96 Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Орал бағыты;
Алматы-2-ден 1 шілдеде, елордадан 2 шілдеде шығатын № 701/702 Алматы-2 - Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағыты.
Мына бағыттар бойынша жүретін пойыздардың күндері қысқарады:
№ 3/4 "Алматы-Нұр-Сұлтан" күнара (бұған дейін күнде),
№ 31/32 "Алматы-Павлодар" күнара (бұған дейін күнде),
№ 67/68 "Нұр-Сұлтан-Өскемен" күнара (бұған дейін күнде),
№ 257/258 "Нұр-Сұлтан-Достық" аптасына бір рет (бұған дейін аптасына екі рет).