| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облыстық соты Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаевты денсаулық жағдайына байланысты жазасын өтеуден босату туралы қаулының күшін жойды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін, 17 қарашада Алатау қалалық соты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің ұсынысын қанағаттандырып, экс-әкімді ауруына байланысты жазадан босату туралы шешім қабылдаған. Алайда прокуратура бұл шешімге қарсылық білдірген.
Істі қайта қараған апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың заң талаптарын өрескел бұзғанын анықтады. Атап айтқанда, Көкірекбаевтың ауруы жазасын өтеуден босатуға негіз болатын аурулар тізбесіне сәйкес келмейтіні белгілі болды.
Нәтижесінде экс-әкімді жазадан босату туралы шешім жойылды. Сонымен қатар сот прокурордың, қылмыстық-атқару жүйесі өкілінің және медициналық комиссия мүшелерінің әрекеттеріне қатысты тиісті мемлекеттік органдарға жекеше қаулылар шығарды.
Еске салайық, Кәрім Көкірекбаев 2025 жылғы шілдеде сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.