Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«КФС» ресторандар желісі халал стандарты талаптарына сәйкес келмейтін басқа да құс фабрикаларының тауық өнімдерін пайдаланған, деп хабарлайды Dauletten.kz.
РФ тарапынан туындаған заңдық шектеулерге байланысты «КФС» ресторандар желісіне тасымалданатын «Белая птица» тауық өнімдерінің көлемі азайған. Сондықтан «КФС» мекемесінің басшылығы «Белая птица» құс өнімдерімен қатар, ҚМДБ халал стандарты талаптарына сәйкес келмейтін басқа да бірнеше құс фабрикаларының тауық өнімдерін қолданданған.
«Сол себепті, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС мен «The Caspian International Restaurants Company» ЖШС арасындағы келісімшарттың уақытша тоқтағандығын, «КФС» ресторандар желісінің тауық өнімдері толығымен «ҚМДБ халал стандарт» талаптарына сәйкес келмейінше, мекемеге берілген «ҚМДБ Халал» сертификаты мен «КФС» өнімдерінің сыртқы қаптамаларындағы «ҚМДБ халал» таңбасының өз күшін жойғандығын хабарлаймыз», - деп мәлімдеді ҚМДБ.
фото: wolt.com