Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда қазан айының алғашқы дүйсенбісінде Халықаралық дәрігерлер күнін атап өтіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жыл сайын қазан айының бірінші дүйсенбісі күні әлемнің көптеген елінде Халықаралық дәрігерлер күнін атап өтеді. Бұл күн әлемдегі барлық дәрігердің белсенді әрекеті мен тілектестік күні ретінде саналады. Қай ұлттың дәрігері болсын, оның басты мақсаты – науқастардың денсаулығын сақтау және жақсарту.
Қазақстанда бүгінгі таңда 270 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың ішінде 80 мыңнан астам дәрігер және 190 мың орта медициналық қызметкерлер бар.
Күн сайын олар жүздеген мың қабылдау жүргізеді, миллиондаған жедел жәрдем шақыртуларын тіркейді, мыңдаған күрделі операция жасайды және сәбилердің аман-есен дүниеге келуіне көмектеседі.
Осындай айтулы мерекеге орай барша дәрігерді төл мерекесімен құттықтаймыз!